Қабілеттеріңізді дамытуға арналған 7 тегін платформа

Төменде кәсіби және жеке қабілеттеріңізді жетілдіруге көмектесетін үздік тегін құралдар тізімін ұсынамыз.

freeCodeCamp
Бағдарламалауды үйренгіңіз келе ме? freeCodeCamp — HTML, CSS, JavaScript секілді тілдерді үйрететін тегін онлайн платформа. Жаңадан бастағандар мен тәжірибесін жетілдіргісі келетіндер үшін нақты жобалар арқылы тәжірибе жинауға көмектеседі.

HackerRank
Алгоритмдер мен бағдарламалау логикасын дамытуға арналған платформа. Сұхбаттарға дайындалып жүрген ІТ мамандар үшін пайдалы, себебі нақты тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін шыңдауға көмектеседі.

Notion
Жобаларды басқаруға, күнделікті жоспар жасауға және жеке жазбалар жүргізуге арналған әмбебап құрал. Қарапайым интерфейсі мен кең мүмкіндіктері арқылы жеке және жұмыс істеріңізді реттеуге көмектеседі.

edX
Әлемдік беделді университеттердің онлайн курстарын ұсынатын платформа. Бағдарламалау, бизнес, жасанды интеллект және басқа да бағыттар бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Материалдарға қол жеткізу тегін, ал сертификат алу үшін төлем қажет.

Krita
Сандық сурет салуға арналған кәсіби деңгейдегі тегін қосымша. Қылқаламдар, текстуралар және түрлі эффектілер арқылы жаңадан бастаушылар мен тәжірибелі суретшілерге қолайлы.

Forest
Назарды шоғырландыруға арналған ерекше мотивациялық қосымша. Таймер орнатып, тапсырмаға зейін қойғанда сіздің виртуалды ағашыңыз өседі. Егер алаңдасаңыз — ағаш қурайды.
Android қолданушыларына
iOS қолданушыларына

Insight Timer
Медитация және ұйқы сапасын жақсартуға арналған тегін қосымша. Мыңдаған аудио-сессия арқылы тынығуға, көңіл-күйді жақсартуға және зейінді арттыруға көмектеседі.
Android қолданушыларына
iOS қолданушыларына