Қазақстанның IT саласын дамытуға үлесін қосқан 10 жас стартап иелері

Қазақстанда табысты және белсенді жұмыс істейтін стартаптарды құрған жас кәсіпкерлерді қарсы алыңыз.

Мұрат Әлиханов, @amuriarty 

Кәсіпкер, бизнес-стратег, CEO және 1Fit қосымшасының негізін қалаушыларының бірі. Ол өзінің инновациялық тәсілімен және тұрақты қаржылық моделінің арқасында Орталық Азиядағы ең жылдам дамып келе жатқан стартап иесі ретінде танымал.

Яна Тен, @yanaten.kr 

ZebraEye компаниясының CEO және негізін қалаушыларының бірі. Стартап сирек кездесетін көз ауруларын жасанды интеллект арқылы диагностикалау арналған медициналық технология құралы.

 Лаура Ералиева, @llaucam 

YAYA қосымшасының СЕО және негізін қалаушысы. YAYA — бүкіл ел бойынша балаларға арнлаған түрлі спорт, дамыту және ойын-сауық орталықтарына бірыңғай абонемент сатып алуға мүмкіндік беретін қосымша.

Әділхан Рахымбеков, @rakhimbekovkz

Abay Academy СЕО және негізін қалаушыларының бірі. Бұл жоба алты жыл ішінде 20 000-нан астам оқушы оқыған, Қазақстанның ең жылдам дамып келе жатқан білім беру жобаларының бірі.

Магзум Төлеш, @magzum_tolesh 

EasyTap СЕО және негізін қалаушыларының бірі. EasyTap — бизнеске уақытша,  бірнеше сағатқа немесе аптаға қызметкерлерді табуға көмектесетін қызмет. Қазақстаннан басқа, бұл стартап Өзбекстан мен Қырғызстан нарықтарында жұмыс жасайды.

Адмет Ахтер, @admet_akhter 

Үш жылдан астам тәжірибесі бар IT-кәсіпкер. CEO және Introdex стартапының негізін қалаушыларының бірі. Сондай-ақ, барлық көлемдегі және саладағы компаниялар үшін цифрлық әріптестік моделін енгізген Орталық Азиядағы алғашқы Akhter Studios IT-компаниясының негізін қалаушы.

Асет Хасенов, @asset.khassenov 

CEO және Biny.co онлайн қызмет қосымшасының негізін қалаушысы және 2023 жылы Forbes Kazakhstan-ның «30-дан 30-ға дейін» рейтингіне кірген кәсіпкер.

Мадияр Төлеуғали, @madiyarr 

CEO және UvU қосымшасының негізін қалаушыларының бірі. 2022 жылы Forbes Kazakhstan-ның «30-дан 30-ға дейін» рейтингіне енген кәсіпкерлік және инновация саласындағы жас стартап иесі.

Тота Сматова, @tota_smatova

СЕО және CheckDoc-тың негізін қалаушысы. CheckDoc — бұл сізге қажет талдауларға (анализ) қысқа мерзімде тапсырыс беруге болатын ыңғайлы платформа. Компания Алматы, Астана және Қазақстанның басқа да қалаларында 100-ден астам зерттеу түрін ұсынады.

Жанаділ Талдыбаев, @zhanadilt 

CEO және CodiPlay негізін қалаушы. CodiPlay студенттерге Scratch, C++, және Python бағдарламалау тілдерін мобильді ойындар арқылы үйренуге шақырады. Стартап 2024 жылы Ұлыбритания нарығына шықты.