Новостные рассылки

* Вы будете получать последние новости и обновления о новых стартапах, вакансиях и пр.

HOT????
IT, Новости

Astana Hub Battle: 3 минутта $ 10.000 ұтып ал! 

Astana Hub Battle: 3 минутта $ 10.000 ұтып ал!

28 қазаннан 29 қазанға дейін халықаралық Digital Bridge-2021 форумы аясында  офлайн форматта стартаптардың шайқасы өтеді. Үздік технологиялық кәсіпкерлер өз өнімін дамытуға ақшалай чектерге ие болады.

Жүлделік қор:

1 орын — 10,000 USD

2 орын — 5,000 USD

3 орын — 3,000 USD

Талаптар:

  • MVP немесе MVO сатысындағы экспортқа шығу әлеуеті бар жоба
  • Нарықтағы тәжірибесі екі жылдан аспауы тиіс
  • Командада кем дегенде 2 негізгі қатысушының болуы

 Astana Hub Battle 2021 қалай өтеді?

  • Сұранымдар digitalbridge.kz/battle сайтында 25 қазанға дейін қабылданады
  • Жартылай финал: 100 ең бәсекелі жоба жартылай финалға өтіп, минуттық презентациямен офлайн сөз сөйлейді.
  • Финал: Эксперттік қазылар алқасының шешімімен 10 үздік жоба digitalbridge.kz бас сахнасында 3-минуттық презентациямен сөз сөйлейді.
  • Іріктеудің 2 кезеңінің қорытындылары бойынша — жартылай финал мен финал — жеңімпаздар анықталады.

Astana hub Battle финалистері Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен өтетін Digital Bridge-2021 форумының жабық гала-қонағасына шақырылады.

Қатысуға сұранымдар digitalbridge.kz/battle сайтында 25 қазанға дейін қабылданады.

Рекомендуемые

День
Ночь