IT-отбасы: Адмет және Зарина Акхтер

Біз бір отбасының екі мүшесі де IT саласының өкілі болып табылатын отбасылармен таныстыратын айдарымызды жалғастырамыз. Адмет және Заринамен сөйлесіп, олардың өмір салты жайында және IT отбасыларының басқалардан қалай ерекшеленетінін білдік.

Адмет Акхтер, 29 жаста, Сингапур қаласы, Akhter Studios IT-холдингінің негізін қалаушы және серіктесі, Introdex стартапының жетекшісі және CEO, Forbes 30 under 30, @admet_akhter

Зарина Акхтер, 24 жаста, Сингапур қаласы, Designation lowcode-студиясының негізін қалаушы, @zarineyah

Өзіміз туралы

Адмет және Зарина. Біз 2020 жылдың ақпанында пандемияға дейін әлеуметтік желілер арқылы таныстық. Барлығы жылдам өте шықты: наурыз айында кездесе бастасақ, 3 маусымда ұсыныс жасалды.

Біз локдаунды Алматыда бірге өткіздік, ал 2023 жылы Сингапурға көшіп кеттік.

IT-сфераға келу жолымыз

Адмет. Мен IT-кәсіпкерлікпен 2021 жылы айналыса бастадым. Оған дейін Қазақстан, Ресей, АҚШ және Австралиядағы стартаптар мен корпорацияларда  project- және product-менеджер болып жұмыс істедім. Балалық шағымнан бастап геймдев индустриясында жұмыс істегім келетінін білдім, бірақ ақырында IT-сфераға келдім. Менің кәсіпкер ретіндегі жұмыс кестем икемді.

Зарина. Мен мамандығым бойынша  — аудармашы-лингвистпін, бұл мүлдем басқа сала. Оған дейін модель болдым, түрлі көрсетілімдер мен коммерциялық, шығармашылық жобаларға қатыстым. Цифрлық әлемге деген құштарлығым бала кезімнен басталды. Компьютерлік ойындар ойнадым және дербес компьютердің жетілдірілген қолданушысы едім. Гаджеттермен жұмысты ұнататынмын және операциялық жүйені қайта орната алатын едім. Excel, Adobe Photoshop, Illustrator-де арттар жасап, суреттер мен фотоларды өңдедуді білетінмін.

2020 жылы IT-сфераға келдім. Бірден программалауды үйрене бастадым, бірақ процесс барысында UX/UI-дизайн саласына жақын екенімді түсіндім. IT-компанияларда жұмыс істеп, содан кейін фрилансқа көшіп кеттім.

Сингапурға көшкеннен кейін сингапурлық компанияларға арналған дизайндар жасадым. Жұмыста акселерациялар кезінде стартаптарға уақыт жетіспеушілігін байқадым. Сонымен қазір менде lowcode IT-студиясы бар және жұмыс кестем икемді.

Міндеттерді бөлу

Адмет. Мен үйде аз уақыт өткіземін, сондықтан үйдің тірлігіне аса көп көңіл бөле алмаймын. Отбасымда көшу, саяхат және қаржыға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді мен шешемін.

Зарина. Бізде міндеттерді бөлу деген жоқ. Жұмысымыз өнімді болуы үшін, көңілімізді үйдің тірліктеріне қатты бөлмейміз. Өзім тамақ дайындауды жақсы көремін және азиялық тағамдардың жаңа рецептерін жиі қолданамын. Тағамды дайындау керек деген ниетпен емес, дәмді болсын деп жасауды ұнатамын.

Бос уақытымызда бассейнге бірге барып, мекемелерде жаңа тағам түрлерінің дәмін татамыз немесе жергілікті көрікті жерлерде қыдырамыз.

Отбасылық дәстүрлер

Зарина. Бізде отбасындағы мінез-құлықтың «дұрыстығы» туралы стереотиптер жоқ. Біздің отбасылық құндылықтарымыз махаббат, сенім және әр кезде өзара көмек көрсетуге негізделген. Ең бастысы — біз серіктеспіз және өз дәстүрлерімізді өзіміз құраймыз, бұл ең алдымен іс-әрекетпен пен түрлі жағдайларда қолдау көрсету. Қолдау мен жанашырлық — әр нәрсенің негізі.

Адмет. Мен метиспін. Қазақ, бірақ бұрыңғы кездің тәрбиесі бар отбасында өстім. Сол себепті мен көптеген дәстүрлерге, мәдениеттер мен тілдерге ашықпын. Зарина екеуіміз саяхаттағанды ұнатамыз және сәби пайда болмай тұрып, мүмкіндігінше көп елдерді аралап көргіміз келеді. Кейін балаларға да саяхатқа деген сүйіспеншілікті дарытамыз. Біздің құндылықтарымыздың ішінде көзқарастарға деген өзара құрмет пен қабылдаған шешімдерімізде бір-бірімізді қолдау бар деп сенімді түрде айта аламын.

Тұрмысты және жұмысты үйлестіру

Зарина. Теңгерімді сақтау үшін дұрыс кесте құру маңызды. Жұмыс көп болған жағдайда, үйде жайлы атмосфера сақтау үшін клининг қызметіне тапсырыс беріп, басым міндеттермен айналыса береміз.

Адмет. Өз бизнесің болған ыңғайлы, бірақ сонымен қатар жұмысқа толықтай берілуді қажет етеді. Кейде жұмысқа байланысты таңертеңнен кешке дейін үйден тыс болуға тура келеді. Бірақ демалыс күндері мен уақытымды толықтай Заринамен өткізуге және үй шаруаларын бірге атқаруға тырысамын.

Бақытты отбасылық өмірге арналған кеңестер

Адмет. Отбасылық өмір жарың жайлы жаңа қырларын аша түсу үшін әңгімелесіп, бір-біріңді тыңдай білу — өте маңызды. Қажет кезде жұбың үшін өзгеруге дайын болу. Мен Заринамен танысқанға дейінгі кезбен салыстырғанда қазір мүлде басқа адаммын, және бұл керемет.

Зарина. Қандай жағдай болмасын, жақын адамыңа ешқашан артық сөз айтып, ренжітпеу керек. Эмпатия танытып, эмоционалды интеллектті барынша дамыту қажет. Мәселелерді талқылағанда серігіңе ашылып, ойын айтуға мүмкіндік берген жөн.

Тыңдай білу, икемді болу, серігіңді түсіну абзал, бірақ өз пікірің мен көзқарасыңды сақтау да маңызды. Жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты анықтау керек емес. Баға берудің қажеті жоқ. Бақытты отбасы сандармен немесе нақты алгоритмдермен өлшенбейді.

IT-отбасылары басқалардан қалай ерекшеленеді

Адмет. Мұндай отбасыларда әрдайым инновацияларға қол жетімділік және дамуға деген құштарлық бар, себебі бұл сала соны талап етеді. Көптеген елдер IT-мамандарға, әсіресе IT-кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді, сондықтан бізге бүкіл әлем ашық, мұны үлкен артықшылық деп білемін және басқа салалармен салыстырғанда едәуір көп мүмкіндіктер береді, сондықтан қазір «цифрлық көшпенділер» көп.

Зарина. IT әлемінде соңғы технологиялық трендтерден хабардар болу маңызды, сондықтан мұндай отбасыларда үздіксіз оқу мен дамуға көбірек көңіл бөлінуі мүмкін. Отбасы мүшелері бір-бірін кәсіби тұрғыдан жақсы түсініп, мүдделерімен бөліседі және техникалық мәселелерді талқылай алады. Тағы бір ерекшелік — біз жаңа идеяларды талқылап, креативті шешімдер таба аламыз және ортақ жобалар мен стартаптар жасай аламыз.