Презентация жасауға арналған тегін ЖИ-сервистер
Бұл платформалар дайын шешімдер ұсынады, уақытты үнемдеуге және басты нәрсеге көңіл бөлуге көмектеседі. Бірнеше тегін құралдың шолуын қабыл алыңыздар.
MagicSlides
Жұмыс істеу үшін, презентацияның тақырыбын жасанды интеллектіге енгізіп, қалауыңыз бойынша кіріспе немесе мәтін-референс қосуға болады. Сіз дизайнды баптай аласыз: түстер, қаріптер мен стильдерді таңдауға болады. Плагин дайын презентацияны Pexels фотобанкінен алынған иллюстрациялармен жасайды.
Бағасы: тегін, бірақ кейбір функцияларды қолдану үшін лицензия қажет
SlidesAI
Бұл жасанды интеллект негізіндегі автоматты түрде презентация жасау құралы, ол пайдаланушыларға презентацияларды жылдам және оңай жасауға мүмкіндік береді. SlidesAI жүзден астам тілдерді қолдайды және презентацияның визуалды көрінісін жақсарту үшін түрлі шаблондар, графика мен мультимедиялық элементтерді ұсынады.
Бағасы: тегін үш презентацияға дейін
Pitch
https://pitch.com/
Pitch әртүрлі слайд шаблондарын және дизайн баптауларын ұсынады, презентацияны жеке баптауға мүмкіндік береді, сонымен қатар өз брендтік түстеріңізді, пайдаланушы қаріптерін, суреттер мен басқа да элементтерді жүктей аласыз. Бұл құрал презентацияны нөлден жасау қиындықтарымен бетпе-бет келетіндерге өте қолайлы.
Бағасы: тегін
Wepik
Қызмет презентацияларды жылдам жасау үшін қолайлы. Презентация үшін нейрожеліге тақырыпты енгізіп, тіл, сөйлеу стилі мен дизайн шаблонын таңдаңыз. Генерация кезінде ештеңені өзгертуге болмайды, бірақ кейін жасанды интеллектіге мәтінді қайта жазуды және суреттерді ауыстыруды сұрауға болады.
Бағасы: тегін.
SlidesGo визуалды құрамдас бөлікке ерекше назар аударады: суреттерді таңдап, тегін стоктардан іздеуге мүмкіндік береді және суреттерді өңдеудің кең мүмкіндіктерін ұсынады. Жұмысқа кіріспес бұрын слайдтардың санын, презентацияның тілін және әңгімелеу тоналдылығын таңдауға болады. Блоктарда түсті, өлшемді, қаріпті өзгертіп, сілтеме қосуға, тізім жасауға, мәтінді қалың немесе курсивпен ерекшелеп жазуға болады.
Бағасы: тегін
Нейрожелі слайдтарды фотореалистік суреттермен сүйемелдейді. Дайын презентацияны қолмен немесе AI көмегімен редакциялауға болады: мәтін көлемін өзгертуді, абзацты қосуды, мәтінді көшіруді, 3D стильден аниме стиліне дейін жаңа иллюстрация жасауды сұрауға болады.
Бағасы: тегін бес презентацияға дейін
Бұл құрал контент идеяларын генерирлейді, слайд макеттерін әзірлейді және визуалды безендіруді жақсартады, презентацияларды тартымды және кәсіби етіп жасайды. Жасанды интеллектіге интеграциясы түрлі интерактивті элементтерді қосуға мүмкіндік береді, мысалы, сауалнамалар, викториналар және сұрақ-жауап сессиялары.
Бағасы: тегін