Жобаңызды ерекше ететін 9 қазақстандық UI/UX-дизайнерлер

Бұл шолуда біз ерекше әрі тиімді дизайн жасауға көмектесетін, аудиторияның назарын аударта алатын және пайдаланушы тәжірибесін жақсартатын қазақстандық дизайнерлерді ұсынамыз.

Қуаныш Аманғали

Қуаныш өз желісінде UI/UX дизайн туралы қарапайым, әрі түсінікті тілде жеткізеді. Автор өз тәжірибесі мен дизайн жасау процесін егжей-тегжейлі сипаттайтын кейстермен бөлісе отырып, дизайн саласындағы білім мен дағдыларды жетілдіруге арналған кеңес беру қызметтерін де ұсынады.

Қуаныш Маден

Қуаныш Маденнің блогы компаниялардың дамуына ықпал ететін практикалық дизайн шешімдеріне арналған. Ол Қазақстандағы брендтердің визуалды бірегейлігін қалай қалыптастыратыны және digital-нарықта қандай қиындықтарға тап болатыны туралы бөліседі. Сондай-ақ, жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін, пайдалы ресурстар мен дизайнда шрифттерді тиімді қолданудың құпияларына назар аударады.

Мадина Салик

Мадина желісінде Comic Con Astana-2024 концепт-дизайнері және digital-кәсіпкер ретінде өз тәжірибесімен, көзқарасымен бөліседі. Оның блогы — дизайн арқылы жеке тұлғаны ашудың құралы. Сонымен қатар, ол UI/UX-дизайнердің өмірінен практикалық кеңестер ұсынып, бойда бар дағдыларды жетілдіруге және шығармашылық шешімдерді табуға көмектеседі.

Даулет

Оның блогында Президент әкімшілігінде жұмыс істеген дизайнердің жасанды интеллектпен қолдануға арналған пайдалы лайфхактарын табуға болады. Алты айдың ішінде Даулет өз нәтижелерін үш есе арттырып, жетістіктерімен оқырмандарымен бөліседі. Мұнда дизайн дағдыларын AI көмегімен жетілдіруге арналған тиімді кеңестер де таба аласыз.

Аружан Сейтжан

Аружан желіде өзінің табысты жобаларымен бөліседі. Сондай-ақ, оның парақшасында тек портфолиомен танысып қоймай, әрі веб-дизайнерлерге арналған пайдалы құралдар тізімін де көре аласыз. 

Алмат Курмашев

Алматтың парақшасы брендинг пен цифрлық өнімдердің дизайнымен қызығатындар қауым үшін пайдалы. Ол өз идеяларымен, қызықты кейстермен және өзі қолданыстан өткізген дизайн құралдарымен бөліседі. Өзіңіздің бірегей визуалды стиліңізді құруға арналған шешімдер табуға көмектеседі.

Олжас Какимжанов

Олжастың блогында UI/UX-тегі эстетика мен функционалдықты теңгеру туралы құнды сабақтарды табуға болады. Ол кәсіби кеңестерімен бөлісіп, бастаушы дизайнерлердің қателіктерін талдайды. Сонымен қатар, әртүрлі кейстер мен индустриядағы соңғы тенденцияларды қарастырады. Дағдыларын жетілдіргісі келетін және бизнеске арналған интерфейстер жасауды көздейтіндер үшін пайдалы парақшалардың бірі.

Тогжан Агарыс

Блогта функционалды дизайн мен өнерді біріктіріп айналысуға арналған кеңестер мен практикалық кейстер бар. Тогжан өз жобаларымен бөлісіп, бірегей интерфейстер жасау жолдарын түсіндіреді және тек қана эстетикалық жағынан емес, сонымен қатар пайдаланушыларға да тартымды, әрі ыңғайлы болуын қадағалайды. Жұмыстарына шабыт іздейтіндер мен шығармашылық дағдыларын дамытқысы келетіндер үшін арналған парақша.

Тогжан Кемелова

Тогжанның блогы интуитивті интерфейстер жасауға арналған практикалық кеңестерге бағытталған. Автор сайттарды трансформациялап, оларды заманауи, ыңғайлы және тартымды етіп жасайды. Оқырмандар интерфейсті жақсартуға арналған пайдалы техникалар мен жаңа UI/UX-дизайн құралдарының тізімін таба алады.