Астана қаласында Жасанды интеллект бойынша үшінші Халықаралық IOAI 2026 олимпиадасы басталды
3 тамызда Астанада Жасанды интеллект бойынша үшінші Халықаралық IOAI 2026 олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бір апта бойы Қазақстанның астанасы талантты оқушылардың, жетекші сарапшылардың және әлемдік технологиялық индустрия өкілдерінің бас қосатын алаңына айналды.
Олимпиаданы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нурбек, IOAI халықаралық кеңесінің негізін қалаушысы әрі төрайымы Елена Маринова және Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы Бағдат Мусин қатысты.
Рәсімге IOAI 2026 қатысушылары, команда жетекшілері, байқаушылар және халықаралық олимпиадалық қауымдастықтың өкілдері жиналды. Биылғы жарыс 106 ел мен аумақтан келген 500-ге жуық қатысушының басын біріктірді. Астана жаңа буын зерттеушілері, инженерлер және технология жасаушылардың кездесетін орнына айналды.
Жаслан Мәдиев, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданы Астанада осындай бұрын-соңды болмаған деңгейде қабылдау — біз үшін үлкен мақтаныш, елордамыз рекордтық 106 елдің басын біріктірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жасанды интеллект саласын дамытуға көрсеткен жеке қолдауы мен назары бұл оқиғаға ерекше мәртебе береді. Осындай назардың арқасында Қазақстан өзін озық технологиялық держава ретінде сенімді түрде көрсетіп отыр. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің талантты жастарымыздың ең батыл амбицияларын жүзеге асыруға және серпінді шешімдер қабылдауына барлық мүмкіндік алуы үшін жүйелі түрде жұмыс істей береді.
IOAI 2026 Астанада 2-8 тамыз аралығында өтуде. Қатысушылар машиналық оқыту, компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу және жасанды интеллекттің басқа да бағыттары бойынша есептерді шешеді.
Олимпиада бағдарламасына екі жеке тур, командалық челлендж, білім беру кездесулері, халықаралық пікірталастар мен мәдени іс-шаралар кіреді.
IOAI 2026 жарысының Қазақстанда өтуі цифрлық білім беруді дамытуға, талантты жастарды қолдауға және жасанды интеллект саласындағы жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға қатысуға ұмтылысын көрсетеді.
Источник: gov.kz
