Бағасы 260 000 теңгеден аспайтын жақсы смартфонды таңдаймыз

Нарықта әлемдік брендтердің жаңа үлгілері көптеп кездеседі. Олар ең талғампаз тұтынушылардың да сұранысын қанағаттандыра алады. Біз 260 000 теңгеге дейінгі баға сегментіндегі, өз құнын ақтайтын ең жақсы смартфон үлгілерін жинақтадық.

 Google Pixel 9a
Google Pixel 9a — күнделікті қолдануға арналған қолжетімді, әрі сенімді Google смартфоны. Жақсартылған камерасының арқасында Pixel 9a кез келген жарықта айқын, әрі ашық фотолар түсіруге мүмкіндік береді. Ал кескінді өңдеудің жетілдірілген алгоритмдері әр фотоны сапалы етіп шығарады. Қарапайымдылықты, функционалдылықты және уақытылы жаңартуларды бағалайтындар үшін бұл — тамаша таңдау.

Motorola Moto G Power
Motorola Moto G Power керемет автономдылығының арқасында нағыз сенсацияға айналған смартфон. Бұл қасиет құрылғыны күні бойы белсенді пайдаланатындар үшін ерекше бағаланады. Сондықтан да ол қуаты ұзаққа жететін, сонымен қатар сенімді Android жүйесін сақтаған смартфон іздегендер үшін тамаша таңдау.

OnePlus Nord N300 5G
Бұл модель мәліметтерді жылдам жеткізуі, жүйелі жұмыс істеуі және оңтайландырылған бағдарламалық жасақтамасымен қолданушылардың сеніміне ие. Смартфон әсіресе құрылғының жылдамдығы мен бірқалыпты жұмысын жоғары бағалайтын күнделікті қолданушылар үшін өте қолайлы.

Vivo V40
Vivo V40 — заманауи дизайны, жақсартылған камерасы және түсінікті интерфейсімен ерекшеленеді. Сондықтан бұл модель қымбат аналогтарымен де бәсекеге түсіп, талғамы жоғары пайдаланушылардың сұранысын қанағаттандыра алады.

Realme Narzo 70 Pro
Realme Narzo 70 Pro — 108 мегапиксельді камерасы мен 100 Вт-қа дейінгі жылдам қуаттауды қолдауы арқылы тұтынушылардың назарын аударады. Бағдарламалық жасақтамасы кейде аралас пікір тудырғанымен, бұл смартфон баға мен сапа арақатынасы жағынан жоғары бағаланады және бюджеттік сегментте заманауи технологияларды ұсынады.

Xiaomi Redmi Note 13 Pro
Xiaomi Redmi Note 13 Pro — Snapdragon процессорының негізінде жұмыс істейді, бұл қосымшаларды кідіріссіз әрі жылдам іске қосуға мүмкіндік береді. Құрылғы тіпті күннің жарығында да ашық әрі анық түстерді көрсететін AMOLED дисплеймен жабдықталған. Жоғары ажыратымдылықтағы негізгі камерасы тіпті әлсіз жарықта да сапалы сурет түсіруге мүмкіндік береді.