IT-саласындағы жоғары білім: Қарағанды техникалық университетіне шолу

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті — Қарағанды қаласында техникалық мамандарды даярлайтын беделді жоғары оқу орны. Мұнда техникалық және гуманитарлық мамандықтардың кең спектрі бойынша білім беріледі. Университет 1953 жылы 9 шілдеде құрылды.

«Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасы 2014 жылы құрылды. Бұл кафедра инновациялық жобаларды іске асыруға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын коммерцияландыруға ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ, ол бюджеттік қаржыландыру конкурстарына белсенді қатысып, тәуекелді ғылыми зерттеулерді қолдайды. Соңғы үш жылда кафедра 38 000 000 теңгеден астам мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ орындады.

2018 жылдың қараша айында «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасы облыстың жетекші IT- омпанияларымен бірлесіп IT-құзыреттілік орталығын құрды. Сонымен қатар, CISCO желілік академиясының зертханасы ашылды, онда студенттер CCNA және CCNP сертификаттарын алу үшін заманауи технологиялар бойынша оқытылады.

Аккредитация

Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті QS World University Rankings: Asia 2024 рейтингінде 20 позицияға көтеріліп, топ-251-ге енді. Ұлттық рейтинг қорытындысы бойынша университет Қазақстанның үздік техникалық жоғары оқу орындары арасында бесінші орында тұр.

QS Stars 2024 аудитінің нәтижесінде университетке төрт жұлдыз берілді. Оқу және оқыту, жұмысқа орналасу және интернационалдандыру көрсеткіштері бойынша университет ең жоғары бес жұлдызға ие болды, бұл оны Ұлыбритания, Канада және Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен тең дәрежеде қояды. Әлемде тек 114 жоғары оқу орны осы деңгейдегі бағаға ие.

Бірнеше жыл бойы Қарағанды техникалық университеті қазақстандық жоғары оқу орындары арасында сегізінші орын, ал техникалық жоғары оқу орындары арасында екінші орын иеленді.

Бакалавриат бағдарламалары

2019 жылы кафедра Қарағанды медицина университетімен бірлесіп «IT-медицина» атты инновациялық екі дипломды білім беру бағдарламасын ашты. Сонымен қатар, басқа бағдарламалар да бар:

— «Ақпараттық жүйелер»: ақпараттық жүйелер мен технологияларды іске асыру және қолдау

— «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»: бағдарламалық қамтамасыз етуді және есептеу техникасын іске асыру, қолдау және пайдалану

— «IT-инжиниринг»: машина жасау немесе металлургия өндірісін тиімді ұйымдастыруға және басқаруға қабілетті IT-мамандарды даярлау

Магистратура бағдарламалары

— «Blockchain-технологиялар»: Blockchain технологияларының озық практикалық шешімдерін әзірлеу және енгізу

— «Ақпараттық жүйелер»: ақпараттық жүйелер саласындағы заманауи технологияларды әзірлеу және педагогикалық қызметті жүзеге асыру

— «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»: есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу саласында ғылыми және педагогикалық қызметті жүзеге асыру

— «Машиналық оқыту және деректерді талдау»: машиналық оқыту және деректерді талдау саласында ғылыми және педагогикалық қызметті жүзеге асыру

Студенттерге арналған мүмкіндіктер

— «Террикон алқабы»серіктестері өткізетін хакатондарға, воркшоптарға және шеберлік сыныптарына қатысу

— Германиядағы Мюнхен және Дрезден техникалық университеттері, сондай-ақ Ресейдегі Томск политехникалық университетімен ынтымақтастық

— Дрезден университетімен бірлесіп қашықтықтан білім беру стандарттары мен аккредиттеу жүйелерін әзірлеу

— АҚШ, Канада, Англия, Ирландия, Франция, Сингапур, Малайзия және Ресейде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігі

Жұмысқа орналастыру

Қарағанды техникалық университетінде жұмыс берушілермен кездесулер, жәрмеңкелер үнемі өткізіліп, түлектердің мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуына ықпал етеді.