Неліктен жұлдыздар венчурлық инвестицияға бет бұрып жатыр
The Tech авторы Эльмира Обри осы мақалада неге Голливуд жұлдыздары мен танымал спортшылардың жарнамадан венчурлық инвестицияларға бет бұрып жатқанын, жасанды интеллект инвестиция әлемін қалай өзгертіп жатқанын және influence-тің бүгінгі күні неге жаңа инвестициялық валютаға айналғанын талдайды.
Эльмира Обри, Алматы қаласы, Foody AI негізін қалаушы, Instagram, LinkedIn
Технологиялар қаржы, медиа, денсаулық, ритейл, телекоммуникация және көлік сияқты салаларды түбегейлі өзгертіп жатыр. Ал белгілі инвестор Марк Андрессеннің айтуынша, «жасанды интеллекттің нағыз бумы әлі басталған жоқ». Соған қарамастан, ИИ экономиканың құрылымын едәуір өзгертіп, капиталды бөлу логикасына дейін әсер етуде.
Ал капитал өзгерсе, мінез-құлық та өзгереді.
HNWI және UHNWI нарығы құрылымдық трансформациядан өтіп жатыр. Бұрын «ең бастысы ақша» десек, бүгін тек институционал ойыншылар арқылы емес, шоу-бизнес жұлдыздарының танымалдылығы арқылы да маңыздылығын көрсетеді. Енді атақты адамдар тек бренд амбассадоры немесе кәсіпкер ғана болмай, олар венчурлық инвесторға айналып, портфельдік логика, асимметриялық тәуекел және ұзақмерзімді капитал басқару принциптерін меңгеруде.
Жаңа трендтер енді тек Уолл-стритте емес, ойын-сауық индустриясының өз ішінде қалыптасып, Голливуд пен әлемдік спорт ареналарын өзгертіп жатыр.
«Ықпал — бұл валюта», тіпті венчур әлемінде де солай.
Жасанды интеллекттің мейнстрим мәдениетке енгенінің басты белгісі ретінде атақты тұлғалардың жарнамадан венчурлық инвестицияға жаппай ауысуынан көре аламыз.
Олар әзірге чиптерге немесе инфрақұрылымға сирек инвестиция құяды, бірақ тұтынушы ретінде белсенді. Яғни, адамдардың өмір сүру, тамақтану, қарым-қатынас жасау, емделу және қоғамдағы рөлін айқындайтын тәсілін өзгертетін технологияларға қаржы салады.

Эштон Катчер — ситкомдардан Кремний алқабының инвесторына дейін
Эштон Катчер технология саласындағы алғашқы «жұлдыз инвесторлардың» бірі.
Ол A-Grade Investments және Sound Ventures арқылы Airbnb, Uber, Skype, Spotify сияқты компанияларға ерте кезеңде инвестиция салған.
Қазір ол ИИ, ұзақ өмір сүру және health tech бағыттарына назар аударады. Жақында ол Гай Озеримен бірге агенттік экожүйелерге және AI-native тұтынушылық платформаларға арналған 240 миллион долларлық AI-фондын іске қосты.
Оның өмірлік көзқарасы қарапайым: «ЖИ күнделікті мінез-құлықты өзгертетін болады. Дәл сол кезде масштаб та пайда болады».

Роберт Дауни кіші — технология мен климатқа инвестиция
Дауни өзінің «марвелдік» ықпал ету капиталын ЖИ негізіндегі тұрақты материалдарға, робототехникаға және климаттық технологияларға бағытталған FootPrint Coalition инвестициялық платформасына енгізді.
Нақты кейстердің айтатын болсақ, индустрияларды декарбонизациялаумен айналысатын CarbonCure, RWDC және AspiraDAC компаниялары бар.
Ол атақты адамдардың капиталы тек қосымшаларды ғана емес, DeepTech саласын да тездететінін көрсетіп отыр.

Гвинет Пэлтроу — wellness экономикасының амбассадоры
Жеке инвестициялары арқылы Пэлтроу әйелдер денсаулығы, гормоналды диагностика, телемедицина және цифрлық әл-ауқат платформаларын, сондай-ақ Web3 саласын қолдайды.
Оның ықпалы health tech пен preventive wellness салаларын қоғам ішінде талқылауға алып шықты. Бұл дәстүрлі медицина ұзақ уақыт бойы шеше алмаған мәселе еді. Сондай-ақ, мұндай инвесторлардың саны да артып келеді.
Гвинет Пэлтроу 2021 жылдан бастап жаңа компанияларға 500 000 доллардан 3 миллион долларға дейін инвестиция салатын Kinship Ventures қоры арқылы велнес-индустрияға, органикалық косметикаға, экологиялық тұтыну тауарларына және технологияларға бағытталған стартаптарға белсенді инвестиция салып келеді. Негізгі инвестицияларына оның жеке Goop бренді, Juice Beauty, Universal Standard, Outdoor Voices, MoonPay, Wild және Kudos жатады.

Райан Рейнольдс — стратегия мен маркетинг шебері
Райан Рейнольдс тек инвестиция жасап қана қоймай, бизнес үлгілерін қайта салды.
Mint Mobile жобасын масштабтау арқылы технология + медиа + аудитория комбинациясының тиімділігін дәлелдеді.
Maximum Effort арқылы ол жылдам өзгеретін контентті, аналитиканы және мәдени таймингті қолдана отырып, Mint Mobile-ды масштабтады.
Mint Mobile-дың T-Mobile компаниясына 1,35 миллиард долларға сатылуы арқылы дұрыс модель қалыптасты: атақты тұлға + технологиялар + дистрибуция = экспоненциалды өсім. Ол сондай-ақ Mint Mobile виртуалды операторына, MNTN жарнамалық технологияларға, 1Password құпия сөз менеджеріне, Wealthsimple инвестициялық платформасына және Nuvei өлем технологияларына сәтті инвестиция салды. Бұдан бөлек, оның портфелінде спорттық бизнес пен FMCG саласындағы жобалар бар.

Джаред Лето — тәжірибелі ангел-инвестор
Лето байсалды ангел-инвестор ретінде беделін қалыптастырды. Оның ерте инвестицияларының арасында — Uber, IPO-ға шыққан Airbnb, Calm, сондай-ақ мейнстримге айналғанға дейінгі Robinhood бар.
Оның фокусы тұрақты: тұтынушылық платформалар, желілік әсерлер және ментальды денсаулық. Ол 2010 жылдардың басынан бастап, көбінесе Seed және Series A сатыларында, топ-фондтармен және мықты founder-лермен бірге инвестиция салып келеді.
Ең сәтті инвестицияларына Nest Labs, Spotify және Reddit-ті де жатқызуға болады. Сондай-ақ ол Zenefits, Meerkat, Slack және ментальды денсаулық сервисі Modern Health-ке, танымал медитация қосымшасы Headspace-ке қаржы құйды.

Леонардо Ди Каприо — климатқа бағытталған инвестициялар
Ди Каприо капиталды өзінің экологиялысыменүйлестіреді. Оның инвестицияларының ішінде баламалы ет саласындағы Beyond Meat компаниясы, өсімдік сүтін өндіруші Califia Farms, экологиялық аяқ киім бренді Allbirds, сондай-ақ бірқатар тұрақты және климаттық жобалар бар. Оның стратегиясы климаттық инновациялар мен ESG-ға бағытталған сұранысқа құрылған. Капиталдан бөлек, ол назар аудартып және легитимділік әкеліп, климаттық технологиялардың қоғамның назарына өтуіне көмектеседі.
Оның портфеліне сондай-ақ жасанды ет өндірушілері Aleph Farms пен Mosa Meat, зертханалық тері әзірлеушісі VitroLabs, синтетикалық гауһар тас өндіретін Diamond Foundry және вегандық аяқ киім бренді LØCI кіреді.

Серена Уильямс — жүйелі венчур стратегиясы
Serena Ventures қоры арқылы Серена Уильямс атақты адамдар арасындағы ең жүйелі инвестициялық платформалардың бірін құрды. Қор 60-тан астам стартапқа инвестиция салған.
Оның стратегиясы ерте кезеңдерге, әсіресе consumer, health, fintech және edtech бағыттарына шоғырланған. Портфельде әйелдер басқаратын және азшылық топтар компанияларына ерекше басымдық беріледі. Алғашқы қор ретінде ол 111 миллион доллар тартқан. «Бұл қайырымдылық емес, бұл — smart business», — деп есептейді.
Серена «жұлдызды портфель» емес, нақты инвестициялық тезистерге негізделген қорды басқарады. Оның тәсілі институционалдық венчурлік модельге жақын: тәртіп, әртараптандыру және ұзақ мерзімді трендтерге ставка жасау. Бұл оның спорттағы тәсіліне ұқсайды — инвестицияда да ол жүйелілік пен стратегияға сүйенеді. Оның портфелінде 14-тен астам unicorn бар. Олардың қатарында MasterClass, Bumble, Noom, Karat, Andela, Coinbase, Bitski, Tonal, Olly және Parfait сияқты компаниялар бар.
Атақты адамдар жарнамалық келісімдерден үлескерлікке, гонорардан портфельдік ойлауға, имиджден капитал иеленуге көшіп жатыр. Технологиялар өмірдің негізгі инфрақұрылымына айналғандықтан, олар ұзақ мерзімді капиталды да тартады. Бүгінде ықпал ету тек әлеуметтік капитал емес, ол — инвестициялық актив.
Негізгі мәселе жұлдыздардың венчурге келгенінде емес, венчурдің нарықтағы поп-мәдениеттің бөлігіне айналғанында.
Келесі «unicorn» технологиялар өмір салтымен, бірегейлікпен және әдетпен бірлесіп, ЖИ, цифрлық денсаулық, климат, creator economy секторларында пайда болады.
