Түйіндемені қалай ерекше етуге болады: 7 үздік онлайн-құралдар

Жақсы жазылған түйіндеме жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады. Сіздерге түйіндеменің деңгейін бірнеше есе көтеретін құралдардың тізімін ұсынамыз.

Kickresume

Kickresume — кәсіби түйіндеме және CV жасауға арналған онлайн-платформа. Түйіндеме жасау процесін жеңілдету үшін әртүрлі үлгілер мен құралдарды ұсынады, сондай-ақ жұмыс іздеу немесе мансаптық өсу кезінде өз дағдыларыңыз бен тәжірибеңізді ең жақсы жағынан көрсетуге көмектеседі. 

Бағасы: ~4800 теңгеден бастап

Resume.com

Resume.com — кәсіби түйіндеме жасауға маманданған онлайн-платформа. Түйіндеме құруға көмектесетін құралдар мен үлгілерді ұсынады, бұл сіздің дағдыларыңыз, жұмыс тәжірибеңіз және білім деңгейіңізді толық көрсететін түйіндемені оңай және тиімді жасауға мүмкіндік береді.

Бағасы: тегін

Canva

Canva — әртүрлі графикалық жобаларды жасау үшін кең спектрлі құралдар мен үлгілер ұсынатын онлайн-дизайн платформа. Бұл құрал өз шығармашылық қабілеттеріңізді көрсету немесе кәсіби профильіңізге жеке ерекшелік қосқыңыз келсе пайдалы.

Бағасы: тегін

MyPerfectResume

MyPerfectResume сізге бар түйіндемені жүктеу немесе жаңа түйіндеме жасау үшін бос үлгілерді толтыру мүмкіндігін ұсынады. Түйіндеме жасау процесінде бұл құрал кәсіби ұсыныстар береді. Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі, білім, дағдылар және жетістіктер сияқты түрлі бөлімдерді қосып, кәсіби сапаларыңызды ең жақсы түрде көрсетуге болады.

Бағасы: ~2800 теңгеден бастап

VisualCV

VisualCV кәсіби дизайнды таңдап, динамикалық веб-портфолио немесе түйіндеме жасауға мүмкіндік береді. Бұл құрал түйіндемеңізді нақты бос орындарға байланысты бейімдеу үшін әртүрлі пішімдердегі бірнеше нұсқасын жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сайтта AI Resume Builder қолдана отырып, түйіндемені бірнеше минут ішінде жасауға болады.

Бағасы: айына ~11 500 теңгеден бастап

CakeResume

CakeResume түйіндеме жасау үшін әртүрлі стильдер мен макеттерді ұсынады. Пайдаланушылар кәсіби қажеттіліктеріне сәйкес келетін дизайнды таңдап, баптай алады. CakeResume сонымен қатар жұмыс берушілермен немесе рекрутерлермен оңай бөлісуге болатын желілік профиль жасау мүмкіндігін де қолдайды. Бірінші түйіндемені тегін жасауға болады.

Бағасы: ~4800 теңгеден бастап