2026 жылы бизнесті автоматтандыру үшін білуіңіз керек 5 нәрсе
Бүгінде Битрикс24 жай ғана «ыңғайлы CRM» емес — бизнестің өмір сүру құралына айналды. Күннен кұнге бизнес жүргізу қиындап барады: салық талаптары өзгерді, ресурстар қымбаттап жатыр, ал тұрақтылық барған сайын ішкі процестерге тәуелді болуда. Автоматтандыру бүгінгі күні жайлылық емес, қорғаныс құралы.
Гүлнұр Досбол, Битрикс24 Қазақстан пиар менеджері
Битрикс24-тің евангелисі Михаил Беляевпен бірлесіп, біз шығындарды қалай азайтуға, команданың жұмысын ретке келтіруге және кез келген жағдайда тұрақты жұмыс істейтін жүйені қалай құруға болатынын көрсететін чек-лист дайындадық.
1. Дағдарысқа қарсы аудит
Бизнеске жүктеме артқан сайын, әрбір тиімсіз процесс тікелей шығынға айналады. Компания ішіндегі әлсіз тұстарды анықтаңыз: қай жерде қол еңбегі қайталанады, қай жерде ақпарат жоғалады, қай жерде бәрі тек адам ресурстарына тәуелді.
Негізгі бағыттардан бастаңыз. Егер сіз заң бөлімінің басшысы болсаңыз — келісімшарттарды келісу тізбегін толық қарап шығыңыз. Нені тездетуге, жеңілдетуге немесе мүлде алып тастауға болатынын ойлаңыз.
— типтік құжаттар үшін үлгілер жасаңыз және Битрикс24-те әртүрлі келісу схемаларын баптаңыз
— бір типті міндеттері бар бөлімдер үшін цифрлық жұмыс орындарын құрыңыз. Жеке жұмыс кеңістіктері міндеттерге қолжетімділікті жеңілдетіп, жұмысты жылдамдатады және өнімділікті арттырады.
2. Ресурстарды оңтайландыру
Салық жүктемесінің артуы — қызметкерлерді қысқарту емес, әр сағаттың тиімділігін арттыру қажеттігін білдіреді. Команданы «қысудың» орнына, күнделікті істерді және қолмен жасалатын операцияларды азайтуға көңіл бөліңіз.
Мұндай тапсырмаларды автоматтандыру операциялық шығындарды азайтып, адам қателігінен туындайтын тәуекелдерді төмендетеді. Бос уақытын қызметкерлер сатуды дамытуға, клиенттермен жұмысқа және бизнес-процестерді жетілдіруге бағыттай алады — яғни тікелей табыс әкелетін жұмыстарға.
— қайталанатын міндеттерді алгоритмдер мен жасанды интеллектке беріңіз
— келісімшарттар мен коммерциялық ұсыныстарды бір батырмамен жасаңыз
— жиналыс хаттамаларын AI көмегімен құрастырыңыз
— қоңырауларды автоматты түрде мәтінге айналдырыңыз.
3. Құжат айналымы
Келісімшарт немесе актіні келісу барысында «тұрып қалған» әр күн — бизнес үшін жоғалған уақыт пен ақша. Құжаттардың кешігуі мәмілелердің тоқтап қалуына, төлемдердің кешігуіне және қаржылық алшақтықтарға әкеледі.
Құжат айналымын цифрлық форматқа көшіру процесті жылдамдатып қана қоймай, оны басқарылатын және ашық етеді.
Битрикс24 CRM жүйесін Documentolog қосымшасымен біріктіріңіз. Бұл заңдық маңызы бар құжаттарды онлайн, тез және қағазсыз жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мәміле мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылауға болады.
4. Үлгілер
Міндеттер алдын ала жасалған сценарийлер бойынша құрылып, орындалған кезде бизнес артық бақылаусыз жұмыс істейді. Тапсырмалар автоматты түрде жасалып, жауаптылар тағайындалады, мерзімдер мен еске салулар қойылады.
Бұл хаосты жояды, орындау жылдамдығын арттырады және адами факторға тәуелділікті азайтады. Басшыға тек нәтижені талдау қалады — жүйе тапсырмалардың орындалуын өзі бақылайды.
Типтік тміндеттерге арналған үлгілер — тиімді автоматтандырудың негізі. Олар жаңа қызметкерлерге де, тәжірибелі мамандарға да қателеспей, уақытында жұмыс істеуге көмектеседі.
5. Интеграция
Әртүрлі сервистердің бөлек жұмыс істеуі — шығындардың, қателіктердің және кідірістердің негізгі себебі. CRM, қаржы, маркетинг, қойма және аналитиканы бір жүйеге біріктіріңіз, сонда деректер автоматты түрде алмасып, процестер қолмен басқаруға тәуелді болмайды.
Бұл мәміледен бастап төлем мен жеткізуге дейінгі барлық кезеңді бақылауға мүмкіндік береді, кассалық алшақтықтарды және деректердің қайталануын болдырмайды.
Деректерді итеграциялау — күннің ең өзекті мәселесі. Бірден бірыңғай жүйе құру кейін қайта жасауға кететін шығынды азайтады. Командаға ортақ интерфейс беріңіз — жүйе адамдар үшін жұмыс істесін.
Мысалы Орал қаласының «Жаным» гүл дүкені Битрикс24 орнатып, саудасын арттырған. Сауатты автоматтандырудың арқасында Битрикс24 және Wazzup өтінімдердің мәмілеге айналуының орташа конверсиясы бүгінде 95%-ды құрайды. Қызметкерлер күнделікті іске уақытты ысырап етпейді, ал өтінімдерді өңдеу қалған процестерге кедергі келтірмейді. Автоматты тапсырмалар мен міндеттер менеджерлерге нені сату керектігіне назар аударуға мүмкіндік береді. BI аналитикасы бизнеске сату динамикасын бақылауға және нақты деректерге негізделген даму стратегиясын жасауға көмектеседі. Осылайша бизнес дами түседі.
Дағдарыс — тоқтауға емес, бизнесті дәл баптауға мүмкіндік беретін кезең. Жүйелі бақылау нақты тиімділікті көруге көмектеседі, ал тұрақты талдау әлсіз тұстарды дер кезінде анықтап, шығынсыз түзетуге мүмкіндік береді.
Егер бизнесіңізді дағдарыстан қорғағыңыз келсе, Битрикс24 көмегімен шығындарды азайтып, процестерді жылдамдатып және барлық көрсеткіштерді бір жүйеде бақылауға болады. Тегін тіркеліп, автоматтандыруды бүгіннен бастаңыз.
