2026 жылғы венчурлық нарық: прагматизм мен жаңа мүмкіндіктер уақыты
Орталық Азия елдері венчурлық инвестициялар үшін жаңа алаңға айналды. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында осы жерде стартап мәдениеті қалыптасып жатыр, мұнда даңқты өмірбаяндардан гөрі тиімділік маңызды. Бұл мақалада авторымыз, венчурлық инвестор Бахт Ниязов, неге Қазақстан мен Өзбекстан венчурлық нарықтың жаңа тірегіне айналатынын түсіндіреді.
Бахт Ниязов, Алматы қаласы, венчурлық инвестор, LinkedIn
Бүгінде жасанды интеллект төңірегіндегі «көпіршік» туралы пікірталастар дотком дәуірін жиі еске салады. Танымал инвестор Рэй Далио бұл ұқсастықтарды бірнеше рет атап өтіп, болашаққа деген сенім қазіргі табыстан әлдеқайда озып кететін қауіпті нарық динамикасына назар аударды.
Бірақ эмоцияны шетке ысырып, индустрияға байыппен қарасақ, 2026 жылы біз күйреуді емес, «ойын ережелерінің» ауқымды қайта құрылуын көреміз. Дайын ойыншылар үшін қазіргі нарықтағы түзету қауіп емес, керісінше жаңа мүмкіндікке айналып отыр. Кем дегенде, мен мұны дәл осылай көремін.
Технология шынайы, ал бағалау ондай емес
Біздің заманның басты парадоксы — жасанды интеллект қазірдің өзінде экономиканың негізіне айналды. Тек мұны бәрі бірдей түсіне бермейді. Мәселен, капитал бұл секторға тым агрессивті түрде ағылды. Нәтижесінде индустрияда алшақтық пайда болды: компаниялардың бағалануы шынайы көрсеткіштерден бөлек өмір сүріп жатқандай. Инвесторлар пайда көреміз деп, нақты бизнес-моделі жоқ стартаптарға ақша құюын жалғастырып жатыр.
Адамның аты маңызды ма, әлде өнім бе
Өткен жыл нарықтағы қызық құбылысты көрсетті: инвесторлар бизнестің өзінен гөрі, фаундерлердің өмірбаянына көбірек мән бере бастады. Бұрын OpenAI немесе Google-да жұмыс істеген мамандар құрған стартаптар алғашқы ақылы клиенті болмай тұрып-ақ миллиардтаған инвестиция тарта алды.
Ал осы уақытта нарықта бағаланбай қалған, бірақ нақты жұмыс істеп тұрған жобалар да бар. Мысалы, DeepL немесе Writesonic секілді компаниялардың миллиондаған қолданушысы мен тұрақты табысы бар. Соған қарамастан, инвесторлар оларды шығынға жұмыс істеп тұрған, бірақ аты танымал стартаптарға қарағанда әлдеқайда төмен бағалайды.
Нәтижесінде нарық екіге бөлінді: бір жағында — «инфрақұрылым алпауыттары», екінші жағында — әр тапқан табысын дәлелдеуге мәжбүр қарапайым стартаптар.
Тұрақты өмір сүру стратегиясы
Менің 2026 жылдағы жеке ұстанымым — қатаң риск-менеджментке негізделген. Мен қолдау көрсететін стартаптарды, тіпті AI нарығындағы «көпіршік» жарылып, венчурлық қыс басталған жағдайда да өмір сүре алатындай етіп дайындағым келеді.
Сондықтан мен өзімнің венчурлық студиямда серіктестерім Максим Толмачев, Анес Калдыбаев және Павел Коктышевпен бірге стартаптарды қолдаудың жаңа тәсілін енгізіп жатырмын. Justart аясында біз утилитарлы, нақты пайда әкелетін өнімдер жасауға назар аударамыз. Менің түсінігімше, қазіргі риск-менеджмент стартаптың дәл қазір тұрақты табыс таба алатын нарық қалыптастыру керек. Осындай негіз компанияға R&D мен күрделі технологияларға сенімді инвестиция жасауға мүмкіндік береді.
Justart-та біз командаларға дәлдік стратегиясын іске асыруға көмектесеміз: MVP-ке аз шығын, нарыққа жылдам шығу және нақты нәтижеге фокус беру. Жалғыз шектеуіміз көп жобамен бірдей жұмыс істей алмаймыз. Сондықтан қазір MOST тарапынан жаңа акселерациялық бағдарламаны іске қосып жатырмыз. Бұл жолы Өзбекстанда. Жаңа нарық, жаңа серіктестер, жаңа тәсілдер. Жұмыс нәтижелі болады деп сенемін!
Аймақтық тұрақтылық: Қазақстан және Өзбекстан
Жаһандық тұрақсыздық жағдайында менің назарым саналы түрде Орталық Азияға ауысып жатыр. MOST қорының Өзбекстанға кеңеюі арқылы бүкіл бизнес-модельдің тұрақтылығын күшейте алады. Біз портфельді қарқынды дамып келе жатқан тағы бір экономика арқылы әртараптандырғымыз келеді. Алғашқы мәміле де сәтті жасалды.
Мен Қазақстан мен Өзбекстанда жұмыс істеу аймақ үшін үлкен пайда әкелетініне сенемін. Біздің жағдайда стартап негізін қалаушылар алғашқы күннен-ақ тиімді жұмыс істеуге мәжбүр. Мұнда капиталды орынсыз жұмсауға болмайды. Дәл осы прагматизм Орталық Азия жобаларын тартымды етеді. Біз жаһандық нарыққа бағытталуды сақтаймыз, бірақ риск-менеджмент енді басты орында болады.
Қорытынды
Мен 2026 жылға оптимизммен қараймын. Қазір нарық артық дүниелерден тазару кезеңінен өтіп жатыр. Жасанды интеллект — біздің жаңа іргетасымыз, бірақ енді оның үстіне бос уәделер емес, тұрақты бизнес-модельдер құрылатын болады.
Justart студиясының құралдары мен MOST қорының мүмкіндіктері арқылы біз нүктелік инвестициялар стратегиясын таңдап отырмыз. Мен дәл Орталық Азияда тиімділігімен және шынайы экономика жағдайында жұмыс істей алуымен ерекшеленетін жаңа лидер жобаларды табамыз деп сенемін. Венчурлық бизнес әлі де кез келген жағдайда салқынқандылықты сақтай алатындардың ойыны болып қала береді.
